clubpoetov.ru - Детские конкурсы для школьников и детей Все конкурсы


Разлука с девушкой что делать

Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым-лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушы һәм зерттеуші, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Туған жері бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (Қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).
Батырлықты, билікті салт қылған ірі мінезді адамдары көп ортада туып-өскен Ахметтің тәрбиесі мал бағып, күйбің тірлік кешкен өзге қазақы ортадан бөлектеу еді. Әділетті жақтау, қиянатқа төзбеу ndash атадан балаға қалған мұра секілді қасиет еді мұнда. Әулеттің ісін тізіп, әріге бармай-ақ, беріден қайырсақ, әкесі Байтұрсынның параға сатылып, ауылына қиянат жасаған Торғай уезінің начальнигі, кәрі ояз атанған. Яковлевті сабап, басын жаруы да сол қасиеттің құдіреті болатын. Осы қасиет Ахметті де өз ортасынан суырып алып, күрес жолына салды. Патша өкіметінің зұлым саясатын, халқына жасап отырған көренеу зорлық-зомбылығын, қорлығын көріп, біліп отырып, жан бағып, жайына жүре алмады. Бар оқығаны: ауылдағы екі жылдық, Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектептерімен шектелгеніне қарамастан, өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмаш болып, кейбірі арын сатып, ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды, халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті (С.Сейфуллин). Ол замана ағымымен кетпей, өзгелер құсап қазақ халқын бай, кедейге бөлмей, тұтас жақсы көрді, намысын бірдей жыртты, арын бірге жоқтады.

Ол отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты ағартудан басқа жол жоқ екенін, надандықпен, қараңғылықпен күресу керектігін толық түсініп, бар ғұмырын осы жолға арнады. Қуғын-сүргінге түсті ndash мұқалмады түрмеге қамалды ndash жасып, жұқармады. Мұғалім болып, бала оқытып, жас ұрпақтың көзін ашты газет шығарып, мақала жазып, ұйқыдағы ұлтын оятып, замана аңғарын түсіндірді өлең жазып, мақсат-мүддесін танытты, түрлі қызмет етіп, үлгі-өнеге көрсетті. Ол өзі атқарған үлкенді-кішілі қызметті де, сабақ берген мектепті де, мақаласы мен Қазақ газеті
Қазақ газеті бетінде қазақ халқының қоғамдық және мәдени мүдде-қажеттіліктерін батыл сөз еткен материалдар жиі басылған. Сондықтан да ол өз дәуірінің беделді органы саналған. Алғашқы шыққан жылының соңында-ақ оның 3000-нан астам жаздырып алушысы болған, ал жабылар алдында өзінің баспаханасы, кітапханасы жұмыс істеген және тиражы 8 мыңға жеткен.
қазақ газеті соңғы кезге дейін кертартпа ұлтшыл-буржуазияшылық басылым ретінде сипатталып келді. Мұның сыңаржақтығы қазір белгілі болып отыр.
Қазақ газеті бетінде басылған қоғамының әлеуметтік, саяси өміріне қатысты кейбір материалдар, ел билеушілердің озбырлығын, парақорлығын әшкерелеген мақалалар ресми органдардың наразылығын тудырып, олар газет редакциясын үнемі бақылауға алып, тінтулер жүргізіп отырған. Губернатор мен жандарм бастығы Ахмет Байтұрсыновты бірнеше рет жауапқа тартып, айып салған. Мысалы, Қазақ газетінің 1914 жылғы 80-саында Ахмет Байтұрсынов жазған бас мақалада Қазақ аймағын басқару ережелері қатты сыналғаны үшін Орынбор губернаторы Сухомлинов редакторды 1500 сом штраф төлеу немесе үш айға тұтқындау туралы шешім қабылдайды. 1500сом штраф төлеу газет тағдыры үшін ауырлыққа түсетін болғандықтан А. Байтұрсынов денсаулығының нашарлығына қарамастан полицияға өзі барып, айып төлеуден бас тартатынын, түрмеге отыруға дайын екендігін айтады, 20 қазанда ол түрмеге алынады. Бұл жағдай туралы хабар тарасымен-ақ газет оқушылары ақша жинап, айыпты төлеп, 5 күннен кейін А.Байтұрсыновты түрмеден босатып алады, сөйтіп 1916 жылы да газет 3000 сом айып төлеген, солардың бәрін де газеттің оқушылары, тілектестері көтерген. Олар Байтұрсыновты тұтқынға алғызбай, басылымды жаптырмай, аса ізгі мінездер танытқан.
А. Байтұрсынов басқаруымен шығып тұрған Қазақ газеті қазақ халқының рухани, мәдени тарихында үлкен орны бар басылым болды. 1923 жылы Мұхтар Әуезов: ...Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған Қазақ газеті болатын. Ол газетінің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң Маса болып талай ызыңдап оятамын деп ұзақ бейнетті міндет қылып алған, Ахаңның екпіні болатын - деп жазған-ды. Қазақ газеті 1917 жылдың шілде айынан Алаш ұйымының ресми органына айналды да, көп ұзамай Торғай облыстық Советтері Съезінің шешімімен жабылды.
Ахмет Байтұрсыновтыың өмірбаянын жүктеу

Өлеңдері, аудармалары
Адамдық диқаншысы
Алтын әтеш
Анама хат
Ат
Ақын ініме
Балықшы мен балық
Бақ
Потанинге
Данышпан Аликтің ажалы
Есек пен үкі
Достыма хат
Арыстан, киік һәм түлкі
Ала қойлар
Аңдарға келген індет
Жадовскаядан
Жазушының қанағаты
Жауап хаттан
Жауға түскеннің сөзі
Аққу, шортан һәм шаян
Айна мен маймыл
Ат пен есек
Бұлбұл мен есек
Өзен мен Қарасу
Жиған - терген
Жұбату
Жұртыма
И. Б. жездем хатынан
Көк есектерге
Нәбек аты
Пушкин Вольтерден
Оқуға шақыру
Сорлы болған мұжық
Сөз иесінен
Тілек батам
Тарту
Туысыма
Ғылым
Қа... қаласына
Қазақ салты
Қазақ қалпы
Қазақтың бала жұбату өлеңі
Қаздар
Егіннің бастары
Екі бөшке
Екі шыбын
Емен мен қамыс
Жарлы бай
Жас ағаш
Жүргіншілер мен иттер
Замандастарыма
Иттің достығы
Кісі мен арыстан
Кісі мен аю
Кісі мен көлеңке
Маймыл
Маймыл мен көзілдірік
Малшы мен маса
Сары шымшық
Түлкі мен қарашекпен
Шал мен ажал
Шал мен жұмыскер
Шымшық пен көгершін
Қайыршы мен Қыдыр
Қара бұлт
Қайырымды түлкі
Қартайған арыстан
Қарға мен түлкі
Қасқыр мен мысық
Қасқыр мен тырна
Қасқыр мен қозы
Үлес
Өгіз бен бақа
Н. Қ. ханымға
Қаптесер мен көртышқан


Источник: http://bilimdiler.kz/akin_zhazushi/6-ahmet-baytrsynly.html



Рекомендуем посмотреть ещё:


Закрыть ... [X]

Дошколёнок. ру - Все для воспитателей детских садов Поздравление с днем рождения шуточное от любимую

Разлука с девушкой что делать Хуан Рамон Хименес. Стихотворения
Разлука с девушкой что делать Протокол заседания комиссии по проведению открытого конкурса
Разлука с девушкой что делать На поэтический конкурс «Мой край моя душа» поступило 60
Разлука с девушкой что делать Русские мужские имена и их значения (список по алфавиту)
Разлука с девушкой что делать Кавказские поздравления с днем рождения Лучшие поздравления
Грустные стихи о любви. Трогательные и красивые стихи про любовь ДОМ, БАЛКОН ДЖУЛЬЕТТЫ. ГРОБНИЦА. ДОМ Стихи о счастье - Статусы Канал веста бобруйск поздравления Православные песни - Прослушать музыку бесплатно, быстрый Сценарий новогоднего утренника в детском саду Читать Евгений Онегин - Пушкин Александр Отмечаем серебряную свадьбу варианты сценариев Монолог Чацкого А судьи кто?. из комедии Горе от ума